13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №597

512 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 14-бабы 10)-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілді Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесі (бұдан әрi – Үлгi жүйе), «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 14-бабы 10)-тармақшасына сәйкес әзірленді. 1. Үлгі жүйе ішкі мемлекеттік аудит органдарына тәуекелдерді басқарудың жүйесі бойынша әдістемелік негізін жасауға арналған және мақсаты тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізілімін қалыптастырудың, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит органдары) мемлекеттік аудит және өзге де іс-шаралары өткізудің тиімділігін арттыру болып табылады. 2. Үлгі жүйені пайдалану кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі; 2) балл кестесі – әр Тәуекел көздері индикаторлары мәнінің критерийлері және /немесе интервалдарын рәнжірлеу арқылы тәуекел деңгейін анықтау; 3) ден қою шаралары – мемлекеттік аудит объектілері тәуекелдерінің алдын алу, оларды барынша азайту және жою мақсатында мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты мемлекеттік аудит органдары қабылдайтын іс-шаралар; 4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың мәні (бұдан әрі – мемлекеттік аудит мәні) – мемлекеттік органдардың қызметі, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары; 5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджеттік қаражатты алушылар; 6) сараптамалық талдау – мамандардың (сарапшылардың) біліктілігі мен біліміне негізделген талдау әдісі. 7) тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтамаудың, мемлекеттік аудит объектiсiне оқиғаның немесе iс-қимылдың тигiзетiн жағымсыз әсерiнiң ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкелiп, мемлекетке экономикалық зиян шектiруi мүмкiн, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында қарастырылған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу және толық көлемде орындамаудың ықтималдығы; 8) тәуекелді бағалау – теріс оқиғаның және салдарлардың тигізетін ықпалының туындау ықтималдығының сапалық және сандық тәсілдері негізіндегі анықтамаларды қамтиды; 9) тәуекелді бағалаудың сандық әдістері – деректерді және модельдеуді талдаудың статистикалық және математикалық құралдарына, техникаларына негізделген әдістер; 10) тәуекелді бағалаудың сапалы әдістері – сараптамалық-талдамалық бағалауларға негізделген әдістер; 11) тәуекелдерді басқарудың жүйесі – есептер мен басқа да деректер негізінде тәуекелдер және олардың факторларын анықтау, сәйкестендіру, бағалау және талдауға, пысықтау мен ден қою шараларын қабылдауға, қабылданған шаралар нәтижелерінің тиімділігін мониторингілеуге бағытталған, бақылау iс-шараларын тиiмдi жоспарлауды және жүргiзудi қамтамасыз ететiн, ресурстарды таңдап, оларды бақылау қызметiнiң ең басым бағыттарына оңтайлы бөлу принциптерiне негiзделген және тиісті жылға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз етуші әкiмшiлiк ету жүйесi. 12) тәуекелдер бейіні - мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау жолымен анықталған және белгілі бір бұзушылықтарды анықтау мақсатында әзірленетін деректерді таңдау жағдайларының жиынтығы. 13) тәуекел деңгейі – олардың салдары мен болу ықтималдығы комбинациялары нәтижесінде көрінген,тәуекелдер көлемі. 14) тәуекел көзі – жеке немесе басқалармен ұштастыра отырып Тәуекелдің ұлғаюына әкелу мүмкіндігі бар, объект; 15) тәуекел критерийлері (тәуекелдер көзінің индикаторлар) – мемлекеттік аудиттің мәнін және объектісін тәуекелдің белгіленген тобына жатқызу туралы шешім қабылдауға негіз болатын көрсеткіштер тізбесі; 16) тәуекелдер-матрица – тәуекелдерді бағалауда пайдаланылатын, тәуекелдерді олардың дәрежесі бойынша рәнжірлейтін матрица, ықтималдық пен әсер ету бойынша диапазоны бар, ден қою шаралары бойынша шешімдерді қабылдау процестерінде қолданылады; 17) тәуекелдердің мониторингі – мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдердің алдын алу, оларды барынша азайту, жою бойынша іс-қимылдардың тиімділігін кейін талдау және бағалау үшін тәуекел серпінінің дәрежесі бойынша мемлекеттік объектілерін есепке алу; 18) тәуекелдерді сәйкестендіру – тәуекелдердің туындау себептері мен белгілерін анықтау, олардың критерийлерін айқындау мақсатында жағдаяттар мен жағдайлардың бар және ықтимал тәуекелдерін талдау; 19) тәуекелді талдау – мемлекеттік аудит объектісі қызметінің қандайда да бір саласына тәуекелдің тигізетін ең көп әсерін анықтау үшін жүргізілетін іс-қимыл; 20) тәуекелдер тізілімі – олардың сапалық және сандық талдау нәтижелерінен тұратын, сондай-ақ тәуекелдің критерилері мен себептерін, олардың туындау ықтималдығын, ықпалы (залалы), басымдығы мен шараларын қамтитын құрылымдалған тәуекелдердің тізілімі; 21) шұғыл ден қою тәуекелінің бейіні – ең қысқа мерзімде тәуекелге әсер ету тәсілдері туралы шешім қабылдауды талап ететін тәуекел бейіні; 2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі кезеңдері 4. Тәуекелдерді басқару жүйесіні келесі кезеңдерге жүктейді: 1) ақпарат жинау; 2) тәуекелдерді сәйкестендіру; 3) тәуекелдерді бағалау; 4) ден қою шаралары; 5) тәуекелдер мониторингі. 5. Тәуекелді бағалауды өткізу үшін мемлекеттік аудиттің объектілерінен және басқа да ресми көздерден алынған қаржылық және бюджеттік есептіліктерден ақпарат жинау. Мемлекеттік аудиттің объектілер мен мәндері бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүйелеу. Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау процесстері барынша автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігін жасайды. Ақпаратты жинау және өзектендіру мерзім сайынғы негізде тиісті есептік ақпаратын қалыптастыру кезеңдігіне қарай жүзеге асырылады. 6. Тәуекелдер және олардың өлшемшарттарын анықтау үшін мемлекеттік аудиттің объектілері мен мәнін зерделеу, әлеуетті және шынайы қауіп пен қатерлерді, олардың туындау себептерін айқындау тәуекелдердің сәйкестендіруі өткізіледі. Тәуекел критерийлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бюджет деңгейіне тәуелді жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес, ішкі мемлекеттік аудит ұйымдары үшін тәуекелдердің біршама болу мүмкіндігін анықтау үшін оптималды жағдайларда анықталады. Тәуекелді сәйкестендіру жүргізу кезінде тәуекелді басқару үшін негізгі өлшемдер белгіленеді, қолдану аясы, тәуекел көздері бұзушылық түрлері анықталады. Ішкі мемлекеттік аудит органдары өздеріне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сай тәуекелдерді айқындау үшін келесі бағыттарын пайдаланады: 1) бюджеттің шығыстар бөлігі саласындағы тәуекелдер, тәуекелді бағалаудың 2 деңгейінен тұрады: мемлекеттік аудит мәні бойынша (бағдарламалық құжаттар, бюджеттік бағдарламалары); мемлекеттік аудит объектісі бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және басқа да мемлекеттік мекемелері). 2) бюджеттің кіріс бөлігі саласындағы тәуекелдер мыналар бойынша: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер айқындалады. 3) квазимемлекеттік сектор субъектісі бойынша тәуекелдер. 7. Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық әдістердің негізінде олардың ықтималдығы және ықпалына сүйене отырып есептеледі. Тәуекелдерге бағалау жүргізу үшін тәуекелдер мен олардың өлшемдерінің тізілімі құрылады. Тәуекелдер тізіліміне тәуекелдің атауы, әсері, туындауы, деңгейі және тәуекелді бағалаудың басқа да көрсеткіштері көрініс табады. Тәуекелдер-матрицадағы тәуекелдерді айқындаудың нәтижесі бойынша мемлекеттік аудит объектілер мен мәні тәуекелдер дәрежесі бойынша бөлінеді: 1) жоғары; 2) орта; 3) төмен. Мемлекеттік аудит объектілері мен мәндері бойынша айқындалған критерийлер сәйкесінше тәуекел бағалау өткізіледі. 8.  Мемлекеттік аудиттің объектілері және мәні, өлшемшарттары, басымдықтары, тәуекел топтары және ден қою бөлінісінде тәуекелдерді бағалау нәтижесі бойынша шығыс нысандарын ресімделеді. Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен қолданылған шаралар тәуекелдердің алдын алу, оларды барынша азайту, жоюды қамтамасыз етеді. Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен тиісті талдау жасау арқылы қолданыстағы ден қою шараларының тиімділігін арттыру бойынша мерзім сайын шаралар өткізіледі. Тәуекелдерге ден қою шаралары мына санаттарға бөлінеді: 1) Алдын ала ден қою шаралары: мемлекеттік аудит объектісінен тәуекелдердің туындау себептері туралы ақпарат алу; тәуекелдердің алдын алу және барынша азайту – орта тәуекелдер дәрежесі бар мемлекеттік аудит объектілері бойынша аудиторлық іс-шараларын өткізбей, мемлекеттік аудит объектісіне жоғары дәрежелі әлеуетті тәуекелдерге әкелетін шарттардың туындауы туралы ескертулер (хабарламалар) және оларға жол бермеу бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) беруден тұратын кешенді іс-шаралар; оларды жоғары дәрежелі тәуекелдерге әкелетін шарттар сақталған жағдайда мемле­кеттік аудит объектісі бойынша аудиторлық іс-шараларын өткізу жөніндегі мәселені қарастыру. 2) нұсқамалық ден қою шаралары - жоғары дәрежелі тәуекелдері және орта дәрежелі тәуекелдер бар мемлекеттік аудит объектілері бойынша (ішкі мемлекеттік аудит органының мемлекеттік аудит өткізу туралы шешімі болған жағдайда) мемлекеттік аудит өткізу арқылы тәуекелдерді жою 3) тәуекелдер дәрежесі төмен мемлекеттік аудиттің объектісі бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдары тәуекелдер дәрежесінің өсуін уақытында анықтау мақсатында және тиісті шаралар қабылдау үшін тәуекелдердің мониторингін жүргізеді. 9. Тәуекелдер мониторингі: 1) Тәуекелдердің тиімділігі мен өзектілігін және тәуекелдер дәрежесінің өзгеруін (қалдық тәуекелдерді айқындау) анықтау мақсатында мерзімді негізде мониторинг өткізіу; 2) расталғанның тиімсіздігі немесе өзекті еместігі анықталған жағдайда тәуекел жоқ болып саналады. Мемлекеттік аудит органдары жыл сайынғы негізде тәуекелдерді айқындау мен бағалаудың дұрыстығына, рәсімдердің олардың орындалуы сәйкестігіне талдау жүргізеді. Мемлекеттік аудит органдары тоқсан сайынғы негізде алдын ала ден қою шараларының шеңберіндег іс-шаралардың іске асырылуы тиімділігіне талдау жүргізеді. 3. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып тиісті жылға мемлекетік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру 10. Мемлекетік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру жоғары және орташа тәуекел деңгейлері бар мемлекеттік аудиттің объектілері және мәні жүйесімен тәуекелдерді бағалау негізінде іріктеп алу іске асырылады. 11. Мемлекеттік аудит объектілері мен мәндерін бағалау ол тәуекелдің әрбір критерийі бойынша маңызының жиынтығы негізінде есептелген, қорытынды балл мен тәуекел деңгейін анықтау. 12. Тәуекелдер критерийі интервалдарға бөлінеді, әрбір интервалға балл беріледі. 13. Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен жүктелген функциялары мен өкiлеттiктерiне сәйкес осы Үлгі жүйеге 2 қосымшаға сәйкес базалық критерийлердің негізінде тәуекелдер критерийі әзірленеді. Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит органдарымен мемлекеттік аудиттің объектілері мен мәнінің қосымша тәуекелдер критерийлері әзірленуі мүмкін. 14. Әзірленген критерийлер тәуекелдер тізбесінде қалыптастырылады және ішкі мемлекеттік аудит органы басшысымен бекітіледі. 15. Ішкі мемлекеттік аудит органдары мерзімді негізде тәуекел критерийлерінің тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізеді, соның нәтижелері бойынша критерийлер алынып тасталады немесе тәуекелдер тізбесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен өзгертіледі. 4. Ішкі мемлекеттік аудит органдары қызметінің басқа бағыттары бойынша шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейіні негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін басқару. 16. Шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейіні (бұдан әрі - Бейін) мемлекеттік аудит объектілерімен автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалана отырып , уақытында бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау құралы болып табылады және оның нәтижелері ескерту – профилактикалық сипатта болады. 17. Тәуекелдерді басқару жүйесі шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейіні негізінде сонымен қатар камеральды бақылау жүргізу кезінде пайдаланылады. 18. Бейін құру үшін тәуекелдер мен бұзушылықтардың тізбесін қалыптастыру қажет. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін деректерді таңдау шарттарын жинауды анықтаумен, бейін белгілі бір тәуекел/ бұзушылыққа әзірленеді. 19. Бейінді әзірлеу дегеніміз мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы зерделеу, талдау және деректерді салыстыру, соның ішінде ақпараттық жүйелерден деректер, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері. 20. Әзірленген бейіндер тәуекелдер бейінінің тізілімінде қалыптасады, онда рет саны, бейін атауы, күні, тәуекел/бұзушылықтың сипатталуы және басқа да деректер мазмұндалады және ішкі мемлекеттік аудит органының басшысымен бекітіледі. 21. Ішкі мемлекеттік аудит органдары жұмыс істелген бейіндердің нәтижелерінің нақтылығын тексереді (тәуекел/бұзушылық расталды/расталған жоқ). 22. Егер тәуекелдер/бұзушылықтар расталған жағдайда, ішкі мемлекеттік аудит органдарымен мемлекеттік аудит объектісіне қатысты тиісті ден қою шараларын қолдану туралы шешім қабылданады: мемлекеттік аудит жүргізу, соның ішінде жоспардан тыс; хаттарды, тәуекел/бұзушылықтарды жою туралы және/немесе орындаушының жауапкершілігін қарау туралы, алдағы уақытта оларға жол бермеу бойынша шаралар қолдану туралы хабарламалар жіберу және басқалар; тәуекелдер/бұзушылықтар туралы мәліметтерді басқа да құзыретті органдарға жіберу. 23. Ішкі мемлекеттік аудит органдары мерзімді негізде тәуекел критерийлерінің тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізеді, соның нәтижелері бойынша критерийлер алынып тасталады немесе тәуекелдер тізбесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен өзгертіледі. Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне 1 Қосымша Тәуекел матрицасы Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне 2 Қосымша Тәуекелдердің базалық критерийлері ББӘ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР Көрсеткіштердің атауы Қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен Орындалмаған іс-шаралардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген, бюд­жеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген тікелей нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген түпкілікті нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен Стратегиялық жоспарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі Мемлекеттiк мекеменi қаржыландырудың жылдық көлемi, млн. тенге* Соңғы екі жылда бөлінген, бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының үлесі, %-бен Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қаржыландыру көлемiнiң өсуi/төмендеуi, %-бен Кезеңнiң соңында бюджет қаражатының игерiлуi, %-бен Осы мемлекеттік органмен іске асырып отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың саны, бірл. Тиiстi кезеңнiң шығыстар көлемiне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың көлемі, %-бен Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемiнiң өсуi, %-бен Соңғы жүргiзiлген кешенді тексерудiң күнi, жылы Үкімет резервінің есебінен іске асырылатын, бюджеттік бағдарламалардың саны, бірл. Бюджет қаражаттарын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері, балл МҚБ стандарттарына сәйкес келетін ІАҚ бекітулерінің көлемі, %-бен Соңғы екі жылда бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қылмыстық істер қозғаумен, құқыққорғау органдарына тапсыру фактілерінің болуы, % -бен Құқыққорғау органдарының қаулыларымен іске асырылған бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша расталған фактілердің болуы, %-бен ОММ және ЖАО Ішкі аудит органдарымен бақылау материалдарының Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеуі бойынша анықталған жағдайлар ББӘ және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне қосылған, өнім берушілермен бекітілген келісім шарттарының болуы. ММ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР Мемлекеттік мекемемен іске асырылып жатқан бюджеттік бағдарламалардың саны, бірл. Мемлекеттiк органды қаржыландырудың жылдық көлемi, млн. тенге* Соңғы екі жылда бөлінген, бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының үлесі, %-бен Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қаржыландыру көлемiнiң өсуi/төмендеуi, %-бен Кезеңнiң соңында бюджет қаражатының игерiлуi, %-бен Тиiстi кезеңнiң шығыстар көлемiне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы, %-бен Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемiнiң өсуi, %-бен Соңғы жүргiзiлген кешенді тексерудiң күнi, жылы Соңғы 2 жылда бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қылмыстық істер қозғаумен, құқыққорғау органдарына тапсыру фактілерінің болуы, % -бен Құқыққорғау органдарының қаулыларымен іске асырылған бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша расталған фактілердің болуы, %-бен Бақылаумен қамтылған, МСА рәсімдерінің санына шаққанда әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкелген, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын бұзушылықтардың үлесі Өңірдің бастамашы бюджеттік бағдарламалары Өңірдің жүзеге асырылған инвестициалық жобалары ММ ақылы қызметтерін жүзеге асырудан түскен қолма-қол ақшаның бақылау шоттары. Уақытша орналастырылған қолма –қол ақшаны бақылау шоты. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен қолма-қол ақшаны бақылау шоттары. Күрделі шығыстар бойынша міндеттемелерді тіркеу, млн.тңг 15 күннен кем емес мерзімдегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісім шарттарын тіркеу ЖСҚ –мен көзделген мерзімнен кем, орындалу мерзімімен жұмыстарды орындау бойынша келісім шарттарды тіркеу КВАЗИСЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР Жарғылық капитал мөлшерінің өсуі/төмендеуі, %-бен Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың бар-жоғы, бірлік Шығыстардың жалпы көлеміне шаққанда әкімшілік шығыстардың үлесі, %-бен Соңғы тексерудің жүргізілген күні, жылы Қаржылық есептілікті уақытында тапсырмау, %-бен Мониторинг нәтижелері бойынша ҚЕ жасауда бұзушылықтардың болуы ,%-бен Соңғы 2 жылдағы қаржыландыру көлемі, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша (тапсырыс көлемінен 100 %) Соңғы 2 жылда алдыңғы тексерулер қорытындылары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі (анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 2 % -ы) Бірнеше қаржы кезеңдеріндегі бухгалтерлік есептілікте шығындардың көрсетілуі Соңғы 2 жылда алдыңғы бақылау қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы Бақылаумен қамтылған, МСА рәсімдерінің санына шаққанда әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкелген, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын бұзушылықтардың үлесі МЕМБАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР Қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен Орындалмаған іс-шаралардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген, бюд-жеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген тікелей нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген бюд-жеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген түпкілікті нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, % - бен Стратегиялық жоспарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі Кезеңнiң соңында бюджет қаражатының игерiлуi, %-бен Соңғы 2 жылда анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлесі, % -бен Соңғы 2 жылда ӘҚБК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны Алдыңғы бақылаумен анықталған, мемлекетттік сатып алу қорытындысына әсері тиген, анықталған мемлекеттік сатып алулар туралы бұзушылықтардың ауқымы БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР Кезеңнiң соңында бюджет қаражатының игерiлуi, %-бен Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемiнiң өсуi, %-бен Соңғы 2 жылда анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлесі, % -бен Соңғы екі жылда бөлінген, бюджет қаражаттарының жалпы көлемінен, бақылаумен қамтылған бюджет қаражаттарының үлесі, %-бен Тиiстi кезеңнiң шығыстар көлемiне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы, %-бен Соңғы жүргiзiлген кешенді тексерудiң күнi, жылы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12490 болып енгізілді.